Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда соңғы екі күнде КЖП-ның 13 содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар.  Содырлар «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағынан қашуға әрекет жасаған, деп Ұлттық Қорғаныс  министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT жазады.

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясы аумағынан қашуға әрекет жасаған  КЖП-ның (PKK/YPG)  8 лаңкесі туннельде залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс  министрлігі жасаған мәлімдемеде «Батыр арнайы десанттарымыз «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуылдауға дайын КЖП-ның (PKK/YPG)  7 лаңкесі  кеше залалсыздандырылған болатын. Аймақтан қашқан 8 лаңкестің ізіне түскен арнайы десанттарымыз содырларды паналағандары туннельде залалсыздандырды» делінді.

Ұлттық қорғаныс министрлігі алдында жасаған мәлімдемеде Сирияның «Бейбітшілік бұлағы» аймағында КЖП-ның (PKK/YPG) 5 лаңкестің залалсыздандырылғанын мәлімдеген болатын.

Басқа жағынан, Ішкі істер министрлігі террор ұйымы мүшелерінің көндіру жолымен қауіпсіздік күштеріне берілуінің жаңа жылдан кейін де жалғасқанын мәлімдеді. 2021 жылы алғашқы террористің берілгені атап көрсетілді.

Ішкі істер министрлігінің координациясымен Жандармерия қолбасшылы мен Полиция бас дирекциясы бірлесіп жүргізген көндіру жұмыстары аясында КЖП лаңкестік ұйымынан қашқан 1 лаңкес  қауіпсіздік күштеріне берілді.

Аталмыш террористің 2014 жылы КЖП-на  қосылғаны және Сирияда террор оқиғаларына қатысқаны білдірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *