Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Гүленнің екі жақтаушысы Украинадан Түркияға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 08 қаңтар.  Салих Фидан мен Самет Гүре Украинаның Польшамен шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде ұсталып, түрік жағына тапсырылды, деп Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды.

Бұрын Иракта әрекет еткен  Фетуллах Гүленнің (FETÖ) террористік ұйымының белсенді екі мүшесі — Салих Фидан мен Самет Гүре Украинадан Түркияға жеткізілді.

Министрліктің хабарлауынша, Салих Фидан бұған дейін Бағдаттағы, ал Самет Гүре Эрбилдегі FETÖ ұяшығын басқарған.

Анкара қаласының аса ауыр істер жөніндегі бірінші сотының шешіміне сәйкес Гүлен ұйымының екі жақтаушысына да халықаралық іздеу жарияланды.

Түркияның ішкі істер министрлігі Фидан мен Гүренің Украинаның Польша шекарасынан заңсыз өтпек болған кезде қолға түскенін хабарлады.

Украина билігімен келіссөздер нәтижесінде екі террорист те түрік тарапына беріліп, Түркияға жеткізілді.

Анкара прокуратурасына қарасты терроризм қылмыстарын тергеу департаментінде Фидан мен Гуренен жауап алу жалғасуда.

Гүлен ағымында тұратын Түрік қарулы күштерінің бір топ әскери қызметшілері 2016 жылдың 15-16 шілдесіне қараған түні елдегі билікті қарулы түрде басып алуға әрекет жасаған.

Хунтаның әрекеттері ел басшылығы мен құқық қорғау органдарының, сонымен қатар қарапайым азаматтардың іс-әрекеттерінің арқасында батыл түрде басылды. 251 адам қаза болды.

Лаңкестердің жетекшісі Фетуллах Гүлен Пенсильвания штатында тұрады. Түркия АҚШ-тан оның экстрадициясына талап етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *