Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан Президенті: Ауғанстанда 40 мыңнан астам кісі қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Ауғанстан Президенті Эшреф Ғани 2015 жылынан осы таңға дейін ел көлемінде 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын айтты, деп TRT хабарлайды. 

Ауғанстан Президенті Эшрев Ғани 9 қаңтарда Америка  CNN теледидарына жасаған мәлімдемесінде президент болғаннан кейін ел көлемінде болған қанды қақтығыстарда 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын білдірді.

Ғани осы процесте НАТО тармағында міндет атқарған Америка Құрама Штаттары Қарулы күштерінен 98 әскердің қаза тапқанын атап өтті.

Талибан мен Ауғанстан делегациялар арасында Катардың астанасы Дохада жалғасқан бейбітшілік кездесулеріне де тоқталған Ғани «Ауғанстан халқы қараңғы күндерге әсте қайтқысы келмейді»  деді.

Ғани Ауғанстанда жалғасқан 40 жылдық соғыстың доғарылуы үшін Талибанмен жасалуы мүмкін келісімнің әрі аймақ елдері, әрі халықаралық қауым тарапынан кепілдікке алынуы керектігін баяндады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *