Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылдары кезінде 11 «Талибан» содыры өлтірілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Жексенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясындағы Рагистан аймағында тәлібтердің жиыны өтіп жатқан кезде әскери авиацияның әуе шабуылынан барлығы 11 содыр өлтірілді, тағы үшеуі жараланды. Бұл туралы елдің қарулы күштеріне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

«Талибан» содырларының тобы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасау үшін Рандихан ауданына жиналған, бірақ Ауғанстан армиясының ұшақтары жексенбі күні түстен кейін содырларға әуеден шабуылдап, олардың командирі Кари Масаб пен 11 тәлібті өлтірді, тағы үшеуін жарақаттады.

Мәлімдемеде рейдтер барысында  содырлардың жасырынған жері де жойылып, қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпегені атап көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *