Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңғыстау облысының полицейлері  4 келіден астам марихуана тәркіледі

АҚТАУ, 18 қаңтар. Маңғыстау облысының полицейлері заңсыз айналымнан 4 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданының тұрғынын ұстады.

Оның “Lada Granta” маркалы автокөлігінің салонынан марихуана табылған. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы төрт келіден асты.

Күдіктіге қатысты аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *