Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Ирактың орталық аймағы әуе шабуылына ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Ирактың орталық Бабил провинциясының солтүстігінде орналасқан Джурф ан-Наср қаласының ауданы әуе шабуылына ұшырады. Бұл туралы Ливанның Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Телеарнаның ақпараты бойынша, соққы аумағы Ирак қарулы күштерінің бақылауында. Телеарнаның дереккөздері дүйсенбіге қараған түні АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің ұшақтары Сириямен шекараға жақын орналасқан Эль-Каим қаласының аспанында көрінгенін де атап өтті. Сонымен бірге Fox News арнасының  репортеры Дженнифер Гриффин Пентагонның жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасап, АҚШ Қарулы Күштері сол түні Ирактың орталық бөлігінде әуе шабуылдарын жасамады деп мәлімдеді.

Өз кезегінде, Al Arabiya телеарнасы Джурф эн-Наср маңындағы ираншыл «Катаиб Хезболлах» тобының позицияларында үш жарылыс болғанын хабарлады. Телеарна дереккөздерінің хабарлауынша, Ирак армиясының жеке құрамы зардап шеккен жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *