Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеу түбінде мектепте лаңкестік шабуыл жоспарлаған жасөспірімдер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар.  Құқық қорғау органдары, алдын ала мәліметтер бойынша Мәскеу түбіндегі Люберцы қаласындағы мектептердің бірінде теракт дайындап жатқан екі жасөспірімді ұстады, деп төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Мәскеу түбіндегі Люберцы ауданында, болжалдап айтқанда  Люберцы қаласындағы мектепте теракт жасауды дайындаған екі жасөспірім ұсталды», — деді агенттіктің сұхбатшысы.

Ол жастардың интернетте хат алмасу арқылы анықталғанын қоса айтты.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер көрсетілмеген.

РИА Новости бұл ақпаратты ресми растай алмайды.

Соңғы рет Ресейдегі оқу орнына жасалмақ болған қарулы шабуыл жүзеге аспай тұрғанда өткен жылдың 9 желтоқсанында алды алынды. Сол кезде ФҚҚ Тула қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады, оның аңшы келте мылтығы мен «ұқсас қылмыстар туралы материалдары бар байланыс құралдары» табылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *