Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысының полицейлері 27 келіден астам есірткі тәркіледі

ТАРАЗ, 23 қаңтар. Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм кептірілген марихуана, 210 грамм гашиш, сондай-ақ 17 келі 480 грамм марихуана тұқымы салынған 14 пластикалық ыдыс пен қап табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы  Асқар Жұмабеков тәркіленген 17 келі 480 грамм тұқымнан қылмыскерлердің екі гектарға дейінгі алқапқа марихуана өсіре алатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *