Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Псков тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Псков тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында экстремизм мен терроризмды насихаттағаны үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы Псков облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып RG.RU хабарлайды.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам 2018 жылдың наурыз айында өз парақшасында экстремистік қызметке жария түрде шақыратын екі жарияланым жасады. Содан кейін, 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымына (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) қолдау ретінде бірқатар материалдар, суреттер және аудио жазбалар жариялаған.

Тергеушілер материалдарды зерттегеннен кейін Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Псков тұрғыны 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *