Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Амстердам әуежайында көптеген жыл бойы іздеуде болған есірткі тасушысы қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі Нидерландыдағы Схипхол әуежайында ұсталды, деп  De Telegraaf-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тегі қытайлық Канада азаматы Це Чи Лоп (Tse Chi Lop) Австралия мен Нидерланды полиция қызметінің өзара әрекеттестігінің арқасында қолға түсті. Ол героин мен синтетикалық есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған.

Чи Лоп «наркоимпериясында» 20 млрд еуродан астам қаржы айналымда жүр деп есептеледі. Ол көптеген жыл бойы іздеуде болған.

Нидерланды бұқаралық ақпарат құралдары оның «Сэм Гор» атты ірі топтың серкесі болғанын, Азияда қызмет еткен «Компания» тобының басшысы болғанын жазды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *