Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизмге күдікті Ингушетияның үш тумасы Мысырдан Ресейге депортацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  2018 жылы Мысырда экстремизмге күдікті ретінде ұсталып, Каир түрмесінде болған Ингушетия студенттері Ресейге депортацияланды. Тұтқындалған төртеудің үшеуі оралды, деп Ингушетияның Сыртқы қатынастар, ұлттық саясат, баспасөз және ақпарат министрлігінің ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды бақылау және БАҚ басқармасы бастығы Магомед Харсиевке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Мысырдағы Ресей консулдығынан түскен мәліметтер бойынша төрт студенттің тек үшеуі ғана депортацияланған, ал төртіншісі бойынша жұмыс әлі жалғасуда. Бүгін күндіз олар «Мысыр әуежолдары» арқылы Домодедово әуежайына келді. Студенттердің бірінің төлқұжатының мерзімі өткен болған, консулдық бізге оның оралуы үшін анықтама беруде көмектесті», — деді Харсиев.

Оның айтуынша, аймақтық билік пен Ресей консулдығының бірлескен жұмысы бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді.

 «Сондай-ақ, 2018 жылы жалпы республиканың бес тумасы ұсталғаны туралы хабарланған, бірақ кейінірек Каир түрмесінде оларда ондай адам жоқ екендігі айтылды. Ол туралы әлі күнге дейін еш ақпарат жоқ. Біздің отандастарымыздың қамауда болған барлық уақыт ішінде оларға ешқандай айып тағылған жоқ»,- деп қосты ТАСС-тың сұхбатшысы.

2018 жылдың тамыз айында Каирде Мысырда  діни білім алғысы келген Ресей азаматтары ұсталды. Кейінірек олардың кейбіреулері босатылды, бірақ бесеуінің тағдыры белгісіз болып қалды. 2019 жылдың сәуірінде Ресейдің бес азаматы — Ингушетияның төрт тумасы және Қырғызстанның тумасы — экстремизмге айыпталғаны белгілі болды. Омбудсменнің баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейліктердің бірінің қайда екендігі әлі анықталған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *