Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның екі провинциясында терроризмге қарсы операциялар басталды

НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Битлис және Сиирт провинцияларында полиция арнайы жасағы мен жандармерия 1453 мүшесінің қатысуымен терроризмге қарсы Eren операциясының алтыншы кезеңі басталды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.

«Eren» терроризмге қарсы операциялар 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап КЖП-ның  террористтерін анықтау және жою мақсатында жүргізіліп келеді.

Операцияның алғашқы үш кезеңі Тендюрек, Лидже және Агра аймақтарында жүргізілді.

Операцияның төртінші және бесінші кезеңдер Бингел, Муш және Мардин провинцияларының бірқатар аудандарын қамтыды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *