Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстандағы бомбалы шабуылдарда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Ауғанстанның Урузган провинциясы мен Кабул қаласында бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT жазады. 

Ауғанстанның Урузган провинциясындағы әскери учаскеге бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Урузган губернаторы Мұхаммед Өмер Ширзад баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылдаушылардың Урузганның Чынарак аймағындағы әскери учаскені бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын мәлімдеді.

Ширзад шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, 3 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын атап көрсетті.

Бас қала Кабулда да полиция көлігіне жасалған бомбалы шабуылда 1 полиция қызметкері қаза тапты.

Кабул полициясы мәлімдемешісі Фердоус Фарамарз бас қаланың Танги Тарахил аймағында полиция көлігін нысанаға алған бір бомбалы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Фарамарз шабуылда 1 полиция қызметкерінің қаза тапқанын, 3 полиция қызметкерінің де жарақат алғанын атап көрсетті. Әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *