Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

КЖП Баб ауданына шабуыл жасады: бір бейбіт тұрғын қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.Күрдістан жұмысшы партиясының (YPG/PKK) Сирияда Баб ауданына жасаған миномет шабуылында бір бейбіт адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды. 

Сирияда Күрдістан жұмысшы партиясының Баб ауданына жасаған миномет шабуылында бір бейбіт адам қаза тапты, бір адам жараланды.

Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазан күні жасалған келісімге сәйкес КЖП-ның  террористтері эвакуациялауға тиісті Манбидж ауданы лаңкестік әрекеттер үшін база ретінде қолданылуда.

Бөлшектеуші террор ұйымы оккупациялаған Манбиджтен Түрік Қарулы күштерінің (тамыз 2016 — наурыз 2017) «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында орын алған Баб ауданының шығысындағы Ум Адесе және Сүккерийе ауылдарына миномет шабуылы жасалды.

Шабуылда Ум Адеседе алғашқы мағлұматтарға қарағанда бір бейбіт адам қаза тапты, бір адам жарақат алды.

КЖП-ның  8 ақпан күні Баб аудан орталығына ұйымдастырған зымыран шабуылында болса 3 бала, барлығы 9 бейбіт адам жарақат алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *