Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде терроризм айыбымен Қырғызстан азаматы жеті жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Мәскеудің әскери соты 19 ақпанда 32 жастағы қырғыз азаматы Талант Онуровты жеті жылға соттау туралы үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды. 

Сот оны теракт дайындады және терроризмді интернетте насихаттады деп таныды. Тергеу мәліметі бойынша, Онуров терроризм идеологиясын қалыптастыратын материалдарды желіде жариялаған.

Қырғыз азаматы үш жылды түрмеде, төрт жылды қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Прокуратура мәліметі бойынша, Онуров 2019 жылғы қыркүйекте теракт жасау үшін Ресейге келіп, астанада қылмысты жүзеге асыруға көмектесетін адамдар іздеген. ​2019 жылғы қазанда ол ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Тағылған айыптарды мойындады. Күдікті террористік шабуылды нақты қай жерде жасағысы келгенін, оны жүзеге асыру үшін не істегенін прокуратура ашып айтпады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *