Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанай облысында героин қолданып, сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

ҚОСТАНАЙ, 22 ақпан. Қостанай облысында есірткі сатушы героинді ішкі киіміне жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының ортасында Жітіқаралық полицейлер есірткі сатумен айналысатын 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді  ұстады.

Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды. Ер кісі ішкі киімінде героиннің 17 фольга байламын жасырған.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуы бойынша, жергілікті уақытша ұстау изоляторында орналасқан наркодилерлер есірткіні сатып қана қойған жоқ, сонымен қатар әйелдің жүктілігіне қарамастан, өздері де есірткіні қолданған.

Аудандық сотпен күдіктілерге қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аталған қылмыс аса ауыр қылмыс болып табылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімі 1-тармағына сәйкес  тұтқындалғандар он жылдан он бес жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ер кісі бұған дейін есірткімен байланысты қылмыстар үшін сотталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *