Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өткен жылы СҚО-да заңсыз айналымнан 2 келіге жуық «синтетика» алынды

ПЕТРОПАВЛ, 24 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі саудасына қатысты қылмыс саны артып келеді. Былтыр полицейлер заңсыз айналымнан 2 келі осындай жүйкеге әсер ететін заттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синтетикалық есірткі «қара нарықты» жаулап, дәстүрлі есірткілерді ығыстырып жатыр. СҚО есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, 2017 жылы есірткі саудасына қатысты 332 қылмыс тіркелсе, соның 6-уы ғана немесе 1,8 %-ы синтетикалық есірткіге қатысты болды. 2018 жылы тіркелген 221 деректің 34-і «синтетикаға» қатысты болып, оның үлесі 15,4 %-ға жетті. Ал 2019 жылы есірткі айналымына қатысты тіркелген 176 деректің 46-сы немесе 26,1 %-ы психотропты заттармен байланысты болды.

«2020 жылы есірткі айналымына байланысты 195 дерек тіркелді. Оның 74-і синтетикалық есірткіге қатысты. Бұл – есірткі қылмысының 38%-і. Заңсыз айналымнан 2 келіге жуық «синтетика» алынды. Шамамен 20 мың доза. Оның нақты бағасы ешқайда ресми түре көрсетілмейді. Бірақ бір өзіміз үшін ішкі талдау жасаймыз. Яғни 2 келі синтетикалық есірткінің «қара нарықтағы» құны 20 млн теңге», — дейді Жандос Басыбаев.

2019 жылы есірткі нарығында пайда болған әр синтетикалық есірткі үшін жауапқа тарта бастады. Бүгінде есірткі мен психотропты заттарды жасағаны, пайдаланғаны және сақтап таратқаны үшін 15 жылға дейін жаза қарастырылған. Бірақ бұл да тоқтау салмай отыр. Былтыр есірткіні өткізуге қатысты 49 дерек тіркелсе, соның 70 %-ы синтетикалық есірткімен байланысты.

«ҚР Қылмыстық Кодексіне есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге қатысы бар адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы өзгертулер енгізілгелі біздің басқарма синтетикалық есірткіні таратып келген 6 интернет-дүкенді анықтап, жапты. Қазір бұл істе тәжірибеміз бар.

Қылмыстық жауапкершілікке бұл сайттардың әкімгерлері ғана емес, осы дүкенді ұйымдастырғандар, қаржы бөлгендер, курьерлер, жарнама таратушылар да тартылды. Олар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды», — дейді СҚО есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.

Есірткіге, синтетикалық препараттардың заңсыз айналымына қарсы күрес жұмыстары СҚО-да жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

«Карантинге байланысты жасөспірімдер, жастармен онлайн форматта түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соңғы екі жылда ата-аналармен жұмысты күшейттік. Өйткені қазір балалар негізінен үйде отыр. Ал ата-ана олар үшін толық жауап береді.

Жастардың волонтерлік ұйымдарын есірткімен күреске тарттық. Былтыр олардың көмегімен 379 есірткі жарнамасы боялды.

Петропавлдағы пәтер иелері кооперативі (ПИК) төрағаларының ортақ чатын құрдық. Ол жерге қала тұрғындары есірткі жарнамасын көрген жағдайда фотоға түсіріп жібере алады», — дейді Жандос Басыбаев.

Полицейдің айтуынша, соңғы уақытта есірткі қылмысы жастардың арасында кең таралып барады. Былтыр синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты 18-25 жас аралығындағы 23 адам жауапқа тартылды.

Ал СҚО денсаулық сақтау басқармасының есебінде былтыр 534 адам нашақор ретінде есепте тұрса, солардың екеуі – жасөспірім, біреуі 15-те болса, екіншісі 17-ге келген. Есірткіге тәуелді 133 адамның жастары 18-бен 30 аралығында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *