Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған.

Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Ол «қызыл» деңгейдегі іздеуде болған. Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кіруге әрекет жасады.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, террористік әрекетке қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы халықаралық іздеуде жүр.

*Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *