Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде КЖП содырларының көптеген қару-жарақтары мен оқ-дәрілері тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Түрік арнайы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында жүргізілген терроризмге қарсы операциясы аясында КЖП террористерінің паналары мен үңгірлерінен көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік арнайы күштерінің бүкіл аумақты мұқият тексеріп, тиімді операция өткізгені атап өтілді.

Операция барысында РПГ-7 граната атқышы, төрт Калашников АК-47 автоматы, 7,62 мм-лік ПКМ оқшашар, автоматты орнықты граната атқыш, 1 кг аммоний нитраты, үш мина, екі қол гранаталары, 7.62 мм-лік ПКМ оқшашарға арналған 1000 дана оқ, Калашников АК-47 автоматыеа арналған 500 оқ, 150 дана 12,7-мм зениттік оқ-дәрілер, гранат атқыштарға арналған 40 мм 30 оқ-дәрі, 40 оқжатар, түнде  көрудің екі дүрбі, жылуға ден қою көздеуіші, екі мергендердің көздеуіші, төрт портативті дүрбі алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *