Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 БҰҰ конгресінде терроризмнен зардап шеккен балаларға көмек бойынша Қазақстан саясаты талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Терроризмнен зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан саясаты БҰҰ конгресінде талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 14-ші Конгресі (Киото, Жапония) аясында БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (ЕҚБ) ұйымдастыруымен терроризм және экстремизмнен зардап шеккен балалардың ахуалы тақырыбында арнайы іс-шара өтті.

Бұл сессияға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев қатысты.

Т.Қалиев еліміздің «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары шеңберінде балаларды Сирия және Ирактан елге қайтару тәжірибесін баяндап берді.

Кезекті операцияның қорытындысы бойынша биылғы ақпан айының басында тағы 7 бала Отанға оралғаны белгілі.

«Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік органдары әрбір бала үшін жеке-жеке әзірленген психологиялық және білім алу бағдарламалары шеңберінде кешенді көмек көрсетуді жалғастырып отыр», — деп мәлімдеді ол.

Осыған орай БҰҰ ЕҚБ және басқа халықаралық серіктестерімізге қазақстандық балаларды оңалту және қайта бейімдеу саласында көрсетіп отырған жәрдемі үшін ризашылық, сондай-ақ одан әрі бұл саладағы тәжірибемен алмасуға дайындық білдірілді.

«БҰҰ ЕҚБ өкілдері Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс аймақтарында қалып қалған балаларды қайтару және реинтеграциялау ісінде әлемдегі көшбасшылардың қатарында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында кәмелетке толмағандарды террористік және экстермистік іс-әрекетке тартудың алдын алу және оған қарсы тұруға бағытталған Еуропалық одақ, Жапония, Индонезия, Ирак және Нигерияның бастамалары талқыланды», — деп мәлім етті ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *