Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СІМ: Түркия террористік ұйымдармен күресуін жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Чавушоғлу НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады, деп TRT агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында Түркияның барлық террористік ұйымдармен күресі жалғасатынын білдірді.

Чавушоғлу Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады.

Бірінші отырыстағы сөзіне байланысты Твиттер желісінде мәлімдеме жасаған Чавушоғлу Түркияның Ауғанстандағы бейбітшілік процесі үшін жоғары дәрежелі жиналысқа үй иесі болатынын білдірді.

Ливиядағы тұрақтылық үшін Түркияның қолдауы процеске демеуші болғанын айтқан Чавушоғлу:

«КЖП (PKK/YPG)  Ирак және Сирияда қауіпті. Барлық террористік ұйымдармен күресіміз жалғасады» деді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *