Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігінде КЖП лаңкестер қаруының ірі партиясы тәркіленді 

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз.  «Күрдістан жұмысшы партиясының» Сириядағы қанаты PYD/YPG-нің Сирияның солтүстігінде шабуыл жасау үшін Манбиджге апаруға талпынған көптеген қару-жарақ пен бомба материалдары қолға түсірілді, деп TRT агенттігі жазады. 

Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Полиция ұйымының Барлау басқармасы мен террормен күрес кеңсесінің ұйымдастыруымен Сирия Міндет күшінің Азезде жасаған операциясында танк жоюшы аталған 2 TOW зымыраны, 24 Калашников мылтығы, мерген мылтығы, 200 ату капсуласы қатарлы көптеген қару қолға түсірілгені білдірілді. TOW зымырандарының Сирияда операциялар жасаған Түрк Қарулы Күштеріне қарсы жиі қолданылғаны ескертілді.

Операцияда сириялық екі адам ұсталды, олардың мойындауында КЖП (ПКК/PYD/YPG) мүшелеріне қару жеткізу жолында ұсталғандарын айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *