Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау полицейлері 3 мыңнан астам синтетикалық есірткі дозасын заңсыз сақтаған күдіктіні құрықтады

АТЫРАУ, 31 наурыз. Атырауда 24 жастағы азаматтан үш мың дозадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурызда Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының 24 жастағы азаматын ұстады. Оның Атырау қаласының Гайдар көшесінде  орналасқан жалдамалы пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы бір келі синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 3 330 дозаны құрайды, “қара нарықтағы” бағасы 50 000 000 теңгеге жуық.

– Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеу амалдары басталды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

​Ұсталған азамат Атырау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *