Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Петропавл полицейлері 29 жастағы тұрғынынан 568 доза есірткі тәркіледі

ПЕТРОПАВЛ, 31 наурыз. Петропавлдық полицейлер есірткі саудасын ұйымдастырған күдіктіден 560-тан астам доза есірткі алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы петропавлдық полицейлердің назарына үш ай бұрын іліккен. Жедел уәкілдер осы уақыт аралығында жас жігіттің есірткі сатуға қатысы бар-жоғын анықтау үшін ауқымды жұмыстар жүргізді. 24 наурыз күні Петропавл қаласының ПБ ЕҚҚІБ қызметкерлері оны тұрғылықты мекенжайында ұстады. Пәтерден өсімдік тектес заттар салынған пакеттер мен орамалар алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар – марихуана және гашиш болып табылады.

Одан 1,5 келіден астам марихуана, 870 грамм гашиш, 3 ұялы телефон, ақша қаражаттары мен банк карталары алынды. Сол күні аталған азаматтан кішігірім партиялармен есірткі сатып алып, қала көшелерінде саудалаған оның 24-26 жас аралығындағы төрт сыбайласы ұсталды.

Есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Талайдың тағдырын тәлкекке салатын уды күдіктінің өзі татып көрмеген. Күдіктіні ұстаумен қатар, оны тарату тізбегін анықтау маңызды болды. Есірткі сатқаны үшін 20 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз, – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығы Жандос Мұқатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *