Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: «Аш-Шабаб» содырлары Сомалінің оңтүстігіндегі екі әскери базасына шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының содырлары сенбі күні Сомалидің  оңтүстігіндегі елдің қарулы күштерінің екі базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлады .

Шабуылдар Барир және Авдигле қалаларындағы базаларға жасалған, екі жақта да шығындар бар, деді Қарулы Күштердің өкілі Хусейн Нур. Оның айтуынша, үкімет күштеріне көмек ретінде солтүстіктен жылжып келе жатқан армия колоннасына тағы бір шабуыл жасалған.

Сонымен бірге, Далсан радиостанциясы өз дереккөздеріне сілтеме жасап ел аставнасы Могадишоға жақын орналасқан Барир базасында 47 әскери қызметкер қаза тапты, исламистер армияның алты көлігін басып алды деп хабарлады.

«Аш-Шабаб» Сомалиде 2004 жылы құрылған. 2008 жылдан бастап оның содырлары мезгіл-мезгіл лаңкестік шабуылдар жасайды. 2010 жылға қарай топ кең аумақтарды басқарды, бірақ 2011 жылдың жазында Сомали астанасы Могадишодан кетіп, ел үкіметі мен оның одақтастарымен күрестің партизандық тактикасына көшуге мәжбүр болды. 2012 жылғы ақпан айында «Аш-Шабаб» басшыларының бірі содырлардың «Аль-Каида» лаңкестік ұйымына (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қосылғаны туралы жариялады. Африка одағының Сомалидегі (AMISOMәуе) бітімгершілік миссиясының барлау мәліметтері бойынша, «Аш-Шабабтың» жалпы саны қазір 7 мың содырды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *