Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбе облысының тұрғыны мас күйінде теміржол вокзалын «миналады»

АҚТӨБЕ, 06 сәуір. Бүгін сағат 03.24-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО «102» телефонына ұялы телефон нөмірінен қоңырау келіп түсті. Ер адам Мұғалжар ауданы Ақкемір кентіндегі теміржол вокзалына бомба қойылғанын хабарлаған, деп  baq.kz  жазады.

Бірнеше минуттан кейін сол адам қайтадан хабарласып, Жилянка ауылындағы дүкендердің бірінде де бомба қойылғанын айтқан.

Қоңырау шалушы көрсеткен орындарға жедел қызмет түрлері жіберілді. Арнайы бөлімше саперлері нысандарды тексерді, бірақ жарылғыш заттар табылған жоқ, сонымен қатар Мұғалжар ауданы Ақкемір бекетінің ғимаратында да тексеру жүргізіліп, жарылғыш заттар табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған Мұғалжар ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, мас күйінде полиция бөліміне жеткізді. Заттай дәлел ретінде ұялы телефон тәркіленді. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде, — деп хабаралады Ақтөбе облысының ІІД.

ҚР ҚК 273-бабы («Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *