Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шымкентте есірткі заттарын таратқан төрт курьер ұсталды

ШЫМКЕНТ, 09 сәуір. Шымкентте кезекті есірткі заттарын таратушылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 2 сәуір күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратқан төрт курьер-сатушылар ұсталды.

Олардың ішінде бір әйел азаматша, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған бір ер азамат және олардың арасында азаматтық некедегі ерлі-зайыпты отбасылық жұп. Аталған адамдар әлеуметтік желісінің бірінде құрылған чаттан заңға қайшы жасалынатын іс-әрекеттер бойынша тапсырмалар алып отырған. Онда олар қала аумағындағы кез-келген бір орынға синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға тығып жүрген. Әрбір көрсетілген қызметі үшін олар электронды төлем жүйелері арқылы белгілі бір сомада ақшалай қаражат алып отырған.  Тексеру барысында олар жасырып үлгерген және жасырмақ болған жалпы 69 дана полиэтилендік сым қабығына оралған бөлшектелген есірткі заттары анықталып, тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған азаматтардың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Айта кететін жайт, осы синтетикалық есірткі заттарды жасырын орындарға тығу және оны тарату жолы бір жүйеге қойылған. Оның белгілі бір шарттары мен бірнеше кезеңдері бар. Атап айтқанда, курьер-жеткізуші белгілі бір синтетикалық есірткі заттың ірі партиясын жасырын орынға алып барып, тығып қояды. Келесі басқа бір курьер-жеткізуші оны жасырын орнынан алып, бір данадан басқа бір жерге апарып қояды. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын тарату қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *