Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанның 44 жастағы азаматы «Талибанмен» байланыс орнатқаны үшін» 15 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Тәжікстандағы Дарваз ауданының тұрғыны тәліптермен байланыс орнатқаны үшін 15 жылға сотталды, деп centralasian.org хабарлайды. 

Таулы Бадахшан автономиялы облысының соты Сухробжон Вазировтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді 19 наурызда шығарған.

Сот үкімінің көшірмесі Озоди радиосының редакциясына 13 сәуірде түсті.

Құжатқа сәйкес, Дарваз ауданының 44 жастағы тұрғыны Сухробжон Вазиров екі жыл бойы «Талибан» қозғалысының Ауғанстандау Нусай ауданындағы тобының жетекшісімен телефонмен сөйлесіп келген.

Ол «ауған үкіметінің күштері қайда орналасқанын Тәжікстаннан бақылап, оны «Талибан» содырларына хабарлаған, сол мәліметке сүйенген содырлар ауған күштеріне бірнеше рет шабуылдап, офицерлер мен солдаттарды өлтірген».

Тәжікстанның Дарвоз ауданы мен Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Нусай ауданы арасындағы шекараның ұзындығы — шамамен 200 километр. Дарваз ауданына жақын маңда тәжіктер тұрады, «Талибан» және басқа да экстремистік топтар аймақ тұрғындарына ықпал етіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *