Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістанда тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтар жауапқа тартылды 

ТҮРКІСТАН, 21 сәуір. Түркістан полицейлері теріс діни ағым ұстанушылары мен тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтарды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері дін саласы бойынша құқықбұзушылық жасаған 10 адамды анықтады.

Яғни полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, тыйым салынған материалдарды өздерінің жеке парақшаларына жариялаған сегіз пост авторларын және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған екі азаматшаны ұстады.

Жалпы 10 құқықбұзушының алтауы Түркістан қаласының, үшеуі Созақ және біреуі Сарыағаш ауданының тұрғындары.

Аталған жайтқа сәйкес сегіз азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша, ал екі азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша тәртіп сақшыларымен құжаттар жинақталды. Заңды шешім қабылдау үшін іс-құжаттар бірден сотқа жолданды.

Нәтижесінде әкімшілік соттың қаулысымен 10 тәртіп бұзушыға жалпы 600 мыңнан астам теңгеге айыппұл салынды.

Мәселен облыс орталығында мешіт ашып, оны заңды түрде тіркемегені үшін Түркістан қаласының әйел тұрғынына қатысты соттың шешімімен 145 мың теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ ТО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері атқарған ауқымды шаралар аясында Түркістан облысы аумағында тұратын 280-нен астам теріс діни ағым ұстанушылары анықталып, әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Түркістан облысы ПД қызметкерлері ескертеді: әлеуметтік желідегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеңіз. Олар сіздің санаңызды улау үшін әдейі бұрмаланған ақпарлар мен қылмысқа итермелейтін текстерді, аудио мен бейнежазбаларды жариялайды. Сондықтан мұқият болған жөн!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *