Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау полицейлері 5 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіледі

АТЫРАУ, 05 мамыр. Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады.

– Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл бес миллион теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Облыс аумағында есірткі құралдарының түсу арналарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *