Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазанда белгісіз біреулер мектепте атыс шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте оқ атты деген күдікті жасөспірімді ұстады. Ол шамамен 17-де.

Агенттік жедел қызметтерге сілтеме жасап атыс кезінде тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы төрт адам жарақат алды.

Татарстан прокуратурасы оқиға орнына республиканың прокуроры Илдус Нафиков бара жатқанын хабарлады.

Татарстан президенті де сол жерге аттанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *