Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының ТҚО кезектен тыс отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

 

Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің ағымдағы қауіпсіздік жай-күйі және оқушы жастардың радикалдануына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Білім беру жүйесі объектілерін кіруді бақылау мен дабыл белгісін берудің тиісті техникалық құралдарымен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.

Жастар ортасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау мәніне әлеуметтік желілер мен Интернетті мониторингтеу тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету шаралары жетілдірілді.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *