Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған ақтөбелік азамат бес жылға сотталды

АҚТӨБЕ, 24 мамыр. Діни ағымды насихаттағаны үшін 31 жастағы қазақстандық бес жылға сотталды. Ол жазасын Ақтөбе облысындағы КА-168/2 қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеп жатыр, деп Sputnik  Kazakhstan  хабарлайды.

Ер адам Сауд Арабиясындағы университеттердің бірінде оқыған. Содан кейін елге келіп, дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған.

«Екі жыл бұрын студент туған қаласына жазғы демалысқа келген. Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымды ашық насихаттаған», — деп хабарлады Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұл бап мүлкін тәркілеп, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

«Қазір «Ақниет» қоғамдық қорының және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары, сондай-ақ мешіт имамдары осы сотталған адамды оңалтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады», — деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *