Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Америка да іздеу салған ДАИШ мүшесі Стамбулда ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр.   Америка барлау қызметі де іздеу салған,  террорлық ұйым ДАИШ-тің бомба маманы Мұстафа Абдулвахап Софи Махмут Стамбулда ұсталды, деп TRT хабарлайды. 

Софи Махмут 1999 жылы Мысырда туылған.  Сирияда ДАИШ террорлық ұйымына қосылған.  Осында жарылғыштар және қолдан жасалған жарылғыштар тақырыбында маманданған.

Террорлық ұйымның басқа елдердегі шабуылдарында қолданылатын бомбаларды дайындаған маңызды террорист болды.  Сириядан шыққаннан кейін Мысырға барды,  артынан Түркияға келді. Интернет арқылы ДАИШ террористтеріне бомба жасау және химия сабақтарын өткізді.

Күдіктіні Америка барлау қызметі де іздеп жүрген болатын.

Стамбул Бас прокуратурасының тергеуі нәтижесінде операция жүргізілді. Күдікті қасындағы үш кісімен бірге Стамбулда ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *