Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

ОРАЛ, 29 мамыр. Оралда оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының террорлық актілердің жолын кесуге, олардың зардабын барынша азайту және жою жұмыстарына дайындығын тексеруді мақсат еткен, деп Ақжайық телеарнасы хабарлайды. 

Оқу-жаттығу жиыны таңертеңгі 8 шамасында басталды. Терроризм қаупінің сары деңгейі жарияланып, бірқатар шектеу шарасы енгізілді.

Сценарий бойынша террористер оқу орнын басып алды. Оқу-жаттығуға қатысушылар олардың көзін жойып, тұтқынға алынғандарды құтқарды. Жарақат алған жандарға жедел медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ қолдан жасалған жарылыс заттарын тауып, оларды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу нәтижесінде полиция қызметкерлері 8 адамды қолға түсірді, оның екеуі – негізгі күдікті. Оқиға орнынан 2 автоматты қару, 2 пейнтбол қаруы және 1 гранат алынды. 58 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқу-жаттығу өтетіні туралы облыс тұрғындарына алдын ала хабардар етілді. Осы орайда Пугачев – Самар көшелерінің қиылысы мен Құрманғазы көшесінің  басы, М. Мәметова және А. Тайманов көшелерінің қиылысынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейінгі аумақ, Н. Сдықов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс тоқтатылған болатын. Жиын аяқталғаннан кейін қозғалыс қайта қалпына келтірілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *