Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мароккода бес тоннадан астам марихуана тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр.   Марокко полициясы сәрсенбі күні елдің солтүстігіндегі  Надор қаласының маңында 5,03 тонна марихуананы тәркіледі. Бұл туралы корольдіктің Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .

Ведомство мәліметінше, есірткіге қарсы операция барысында Надор қаласы маңында полиция бес күдіктіні қамауға алып, 5,03 тонна марихуана тауып, 13 автокөлікті тәркілеген.

Құқық қорғау органдары бұл істі тергеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Марокконың кейбір аудандарында каннабисті заңсыз өсіру қиын жағдайға душар болып отыр, Марокколық марихуананың көп бөлігі Еуропаға контрабандалық жолмен жеткізіледі. Соңғы онжылдықта Марокконың қауіпсіздік органдары құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен есірткі трафигіне қарсы күресті күшейтті. Тек 2020 жылдың өзінде 217 тоннаға жуық марихуана тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *