Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның екі провинциясындағы арнайы операция кезінде 16 «Талибан» содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. Ауғанстанның екі провинциясында арнайы операция нәтижесінде кем дегенде 16 «Талибан» * содыры өлтіріліп, сегізі қамауға алынды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Кундуз провинциясының солтүстігінде жексенбіге қараған түні Ауғанстан ұлттық армиясының арнайы күштері провинцияның әкімшілік орталығы болатын аттас Кош Тапа ауылындағы содырлардың жасырынған жеріне шабуылынан кейін тәлібтердің тұтқынынан бес адам босатылды. Бұл туралы министрліктің мәлімдемесінде айтылған.

 «Арнайы күштер тәліптердің жасырынған жеріне түн ортасында шабуыл жасады. Операция кезінде қауіпсіздік күштері жаудың оғына ұшты. Олар өзін қорғау үшін қарсы оқ жаудырды. Атыс кезінде жау тарапынан 12 адам қаза тауып, тағы сегіз адам қамауға алынды,» — делінген құжатта.

Босатылған адамдар мен қамауға алынған содырлар армия лагеріне жеткізілді. Рейд кезінде тәліптердің жасырынған жері жойылып, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, делінген хабарламада.

Жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында тәлібтердің Над-Али аймағындағы Чахи-Ангирдегі позицияларына ӘӘК-нің жасалған әуе шабуылында төрт содыр өлтіріліп, екеуі жараланды.

«Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *