Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылы нәтижесінде он сегіз содыр залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым.Сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясының Акча аймағында «Талибан» қозғалысы содырларының баспаналарына жасалған әуе шабуылы кезінде  18 содыр, соның ішінде Кари Мубин командир өлтірілді.Бұл туралы бейсенбі күні солтүстік аймақ армиясының өкілі Мохаммад Ханиф Резай мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .

Оның хабарлауынша, әскери ұшақтар, барлау деректері негізінде, сәрсенбі күні түстен кейін Акча аймағында тәліптердің баспанасына шабуыл жасады. Нәтижесінде 18 содыр, оның ішінде К.Мубин өлтірілді, тағы жетеуі жараланды.

 

«Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ. Тәліптер 1 мамырда АҚШ бастаған коалиция күштері Ауғанстаннан шығарала бастағаннан кейін белсенділіктерін арттырды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *