Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мағрибтегі Әл-Каида басшысының басына 7 миллион доллар бәйге тігілді 

НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. АҚШ Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы басшысы Абу Убайда әл-Аннабидің басына бәйге тікті, деп TRT хабарлайды. 

АҚШ әкімшілігі террор ұйымы Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы болған Мағриб Әл-Каидасы жетекшісі Абу Убайда әл-Аннаби туралы нақты ақпарат бөліскендерге 7 миллион доллар бәйге жариялады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында Мағрибтегі Әл-Каида жетекшісі әл-Аннабидің басына бәйге тіккені хабарланды.

Бұған қарағанда АҚШ әкімшілігі әл-Аннабидің орны немесе оның куәлігін анықтауға көмектесетін ақпар үшін басына тігілген 7 миллион доллар төлейді.

Мәлімдемеде ұйымның бұрынғы басшысы Абдельмалек Дроукдал 2020 жылы маусым айында өлтірілген соң ұйымның басшысы болып әл-Аннаби тағайындалғаны атап көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *