Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Буркина-Фасода содырлардың шабуылынан 130-дан астам адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Буркина-Фасоның солтүстік-шығысындағы Солхан ауылына жасалған содырлардың шабуылы салдарынан кем дегенде 138 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Бұған дейін 100 адам қаза болды деген ақпарат болған.

Буркина-Фасо үкіметі үш күндік аза тұту күнін жариялады.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл шабуыл содырлардың елдің солтүстік аймақтарына 2015 жылдан бері жасалған  құрбан саны бойынша ең үлкен шабуыл болды. Қаза тапқандардың арасында кем дегенде жеті бала бар. AFP нақтылағандай, шабуылдаушылар үйлер мен жергілікті базарды өртеп жіберген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *