Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Буркина-Фасоның солтүстігіндегі террорлық шабуыл құрбандарының саны 160-қа жетті

НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған терактіден қаза тапқандардың саны 160-қа жетті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

AIB жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, террористер сенбіге қараған түні Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Яга провинциясындағы Солхан ауылының тұрғындарына оқ жаудырған. Салдарынан кем дегенде 100 адам қаза болды.

Шабуылдаушылар бірқатар үйлер мен жергілікті базарды өртеп жіберді.

Билік құрбан болғандар санының артуын жоққа шығармайды.

Буркина-Фасо 2015 жылдан бері лаңкестік актілер алаңына айналды.

БҰҰ мәліметтері бойынша Африка мемлекетінің 1,1 миллион тұрғыны бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерге жасалған шабуылдар салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *