Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Санкт-Петербургте терроризмді ақтады деген күдікпен блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым.   Санкт-Петербургте террористік әрекеттерді ақтады деген күдікке ілінген блогер Юрий Хованскийге қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп РФ ТК  Санкт-Петербург бойынша Бас тергеу басқармасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп  ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

 «Блогер Юрий Хованскийге (1990 ж.т.) қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 — бабының 2-бөлігі («Террористік әрекетке жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе насихаттау») бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Басқармада түсіндірілгендей, Хованский ұсталды, бұлтартпау шарасын таңдау және оған айып тағу мәселесі шешілуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылдың ортасында Хованский Санкт-Петербургте интернетте көпшілік алдында, сарапшылардың пікірі бойынша террористік әрекетке жария түрде шақыру белгілері болған ән шырқаған.

Бұған дейін құқық қорғау органдарындағы дереккөз ТАСС-қа 31 жастағы Хованский Санкт-Петербургте сейсенбі күні кешке Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.2 бабы  терроризмді ақтау бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында ұсталды, деп хабарлаған. Блогер интернетте 2002 жылы Мәскеудегі Дубровкадағы театр орталығындағы теракті туралы жарияланған әнге байланысты ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *