Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Йемен көтерілісшілері Мариб қаласына баллистикалық зымырандар атқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Бейсенбі күні Йеменнің «Ансар Аллах» (хуситтер) қозғалысын қолдаушылар елдің орталық бөлігіндегі Мариб қаласына бірнеше баллистикалық зымыран атқан. Бұл туралы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап Aden Al-Ghad жаңалықтар порталы хабарлады, деп ТАСС жазады.

Олардың айтуынша, аттас провинцияның әкімшілік орталығы болып табылатын қалада (астанадан шығысқа қарай 135 км жерде) бірнеше зымыран жарылды. Олардың екеуі орталық орамдарға құлады.

Бұған дейін Reuters  жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып, қала орталығында болған жойқын жарылыс туралы хабарлаған.

Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша , бес адам қаза тауып, бірнеше ондаған адам жараланған. Оның ақпарат көздеріне сәйкес, қалаға төрт баллистикалық зымыран атылған.

Йеменде 2014 жылдың тамызынан бастап үкіметтік күштер мен хуситтердің қарулы құрамалары арасындағы текетірес жалғасуда. Ең белсенді кезеңіне 2015 жылдың наурызында Сауд Арабиясы бастаған коалицияның елге басып кіруімен болды. Бес жылдан астам уақытқа созылған қақтығыс әлемдегі ең үлкен гуманитарлық дағдарысты тудырды. БҰҰ мәліметтері бойынша, 24 миллионнан астам йемендіктер — ел халқының шамамен 80% — гуманитарлық көмекке мұқтаж, ал ішкі қоныс аударушылар саны 3 миллионнан асады.

Хуситтер жүйелі түрде шабуылдар жасайды, олардың басты мақсаты Сауд Арабиясы және оның инфрақұрылымы, соның ішінде мұнай болып қалады. Сонымен қатар, олар кейде өздерінің зымырандық арсеналдарын, сондай-ақ  халықаралық қауымдастық  мойындаған билігін қолдайтын әскерлерге қарсы  Йеменнің өзінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *