Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда Сириядағы содырларға қосылуға тырысқан 14 күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.Өзбекстанның құқық қорғау органдары Самарқандта Сирияда соғысып жатқан террористік топтардың содырларына қосылуға әрекет жасады деген күдікпен 14 адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан .

«Жедел іс-шаралар барысында Самарқанд облысының Ішкі істер басқармасы мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Самарқандта 14 адамнан құралған топтың әрекетінің жолын кесті», — деп республиканың Ішкі істер министрлігінің хабарламасында айтылған.

Министрліктің хабарлауынша, жедел іс-шаралар барысында ұсталғандардың әлеуметтік желілер арқылы Сирия мен Таяу Шығыстағы террористік    топтар содырларының ықпалына түсіп, олардың қатарына қосылуды көздегені анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Түркияда ұсталған террористер арасында төрт өзбек болған. Содырлар Түркия-Сирия шекарасынан заңсыз өтпек болған, бірақ ұсталды.

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 2020 жылы арнайы қызметтер экстремистік және террористік ұйымдардың 67 жасырын топтарының қызметін тоқтатқанын атап өтті. Экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар деген айыппен шетелде жасырынған 100-ге жуық азамат отанына қайтарылып сот алдында жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *