Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда тұрғыны ауласында қарасора өсірді

ҚЫЗЫЛОРДА, 15 маусым. Қызылордада полицейлер қала ортасында орналасқан үйден есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Полицейлер жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде ауласынан 189 түп есірткі өсімдігін тәркілеп, гаражынан газет қиындысына оралған жасыл түсті өсімдікті тапты.

«Жүргізілген сапартама нәтижесінде ауласынан алынған өсімдік сора екені нақтыланды. Ал гараждан алынған өсімдік кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *