Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидегі жанкешті шабуылында 15 әскери қызметкер қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым.  Сейсенбі күні Сомали астанасы Могадишоның оңтүстігіндегі әскери оқу-жаттығу лагерінде жанкешті шабуылы салдарынан  кем дегенде 15 сарбаз қаза тапты, тағы ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады.

Жасырын болуын қалаған полиция өкіліның хабарлауынша,  жанкешті өзін генерал Дхагобадан атындағы әскери лагерьде  жарып жіберген.

 «Қазіргі уақытта біз шабуыл салдарынан 15 сарбаздың қаза тапқанын білеміз. Құрбан болғандардың саны кез-келген сәтте өсуі мүмкін», — деп, ол құрбан болғандардың көбі Сомали ұлттық армиясының қатарына жаңа шақырылғандар екенін айтты.

Шабуыл үшін жауапкершілікті ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *