Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Берлинде солшыл радикалдармен болған қақтығыста 60 полиция қызметкері зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым.  Фридрихсхайн аймағында солшыл радикалдармен болған қақтығыстар кезінде 60 полиция қызметкері әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы DPA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады.

Тәртіпсіздік Ригаер-штрассе көшесінде басталды. Сол жерде түрлі солшыл бірлестіктердің өкілдері тұратын иесіз қалған тұрғын үй бар. Бірнеше жылдан бері билік өкілдері оны таратып қоныстандыруға тырысып келеді, бірақ радикалдардың қарсылығына тап болды.

Бейсенбі күні Берлиннің жедел қызметтері өрт қауіпсіздігін тексеру үшін Ригаер-штрасседегі үйлерді аралап шығуы керек еді. Үйдің тұрғындары қала билігінің өкілдерін үйге кіргізбеу үшін көшеде жанып жатқан дөңгелектер мен тікенді сымдардан қоршау жасаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тастар мен бөтелкелер астында қалды, деп жазады DPA.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 15 маусым сейсенбі күні ұсынылған 2020 жылға арналған Конституцияны қорғау жөніндегі федералды кеңестің есебінде Германияда  оңшыл экстремизм қаупі артып келе жатқандығы туралы хабарланған болатын . Оңшыл радикал жақтаушылар саны 3,8 пайызға өсіп 33 мың адамды құрайды. ГФР  барлау қызметі олардың 40 пайызын зорлық-зомбылыққа бейім немесе оны қолдайды деп есептейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *