Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістанда жергілікті тұрғыннан синтетикалық есірткі заты тәркіленді

ТҮРКІСТАН, 13 шілде. Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі сақтаған мегаполистің тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу бойынша күнделікті тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Мысалы, осы бағыттағы шараларды жүргізу барысында, Сайрам ауданындағы кафелердің бірінің алдында ер адам күдік тудырады. Содан соң оны тінту кезінде, шалбарының қалтасынан 6 дана пакетке оралған есірткіге ұқсас зат табылды. Анықталған өсімдік тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат “синтетикалық есірткі заты” болып шықты. Салмағы 4 грамға жуық. Анықталғандай, ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қамауға алынды. Сайрам АПБ-мен тергеу жұмыстары жалғасуда.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *