Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизмді насихаттаған петропавлдыққа 300 мыңға жуық шамасында айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ, 13 шілде. Петропавл тұрғыны экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 42 жастағы петропавлдықтың Facebook желісіндегі парақшасынан діни сипаттағы бейнежазбаларды тапты. Тексеру барысында ер адамның деструктивті сипаттағы діни ағымның ұстанушысы екені анықталды.

Дінтанулық сараптама қорытындысына сәйкес, ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбалар діни алауыздықты тұтатуды насихаттайтын болғандықтан Қазақстан аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған.

Шілде айының басында Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік соты ер адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп тапты.

«Алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды сақтағаны үшін ер адамға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл — 290 мың теңге шамасында. 106 бейнефайл мен 7 сурет тәркіленді, Facebook-тағы парақша өшірілді. Естеріңізге сала кетейік: ҚР заңнамасымен адамның діни ұстанымына, дінге көзқарасына, құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне қол сұғуға, діни сезімдерін қорлауға тыйым салынған», — дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Алмас Шитқанов.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *