Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстандағы атысты тоқтату туралы келіссөздер сәтсіз аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым.  Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысы делегациялары Құрбан айт уақытына қысқа мерзімді бітімгершілік туралы мен тұтқынға түскен тәлібтерді босату туралы келісімге келе алмады, деп хабарлайды Sputnik Қыргызстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін араб ақпарат құралдары Дохадағы ауғанаралық келіссөздерге қатысушылар 20 шілдеде басталатын Құрбан айт мерекесі кезінде бітімге келу мүмкіндігін, сондай-ақ «Талибан»содырларының 7 мың тұтқынын босатуды талқылағанын хабарлады.

 «Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дохада өткен екі күндік жоғары деңгейдегі ауғанаралық кездесуде бірнеше күнге атысты тоқтату немесе кейбір тұтқындарды босату келісілді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай келісімге қол жеткізілген жоқ», — деді Наим Twitter әлеуметтік желісінде.

Сенбі күні басталған келіссөздердің жаңа раундынан екі күн бұрын  тараптар, олардың бірлескен коммюникесіне сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздерді жалғастыруға және барлығына қолайлы шешімге қол жеткізу үшін бейбітшілік процесін тездетуге ұмтылуға келісті.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *